15.10.2026
«Негештер» қоршаған орта күні 🌿🌍
15 қазан күні мектебімізде 3-сынып оқушыларына арналған «Негештер» қоршаған орта күні өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Іс-шара аясында «Табиғатқа дос бол!» атты экологиялық викторина өткізілді. Оқушылар өсімдіктер, жануарлар және табиғат құбылыстары туралы қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін, тапқырлықтары мен білуге деген құштарлықтарын көрсетті.
Сонымен қатар «Табиғат білгірлері» атты викторина ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін тексеріп, экологиялық сауаттылықтарын көрсете білді.
Бұл күн қызықты әрі танымды өтіп, балаларға жаңа білім мен жағымды әсер сыйлады.
🌱 Өйткені табиғатқа қамқорлық жасау әрқайсымыздан басталады!